Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанын Павлодарда жалғастырды
Қазір орталықта 33 адам ем қабылдап жатыр. Кездесу барысында кандидат сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.
Салтанат Тұрсынбекова, ҚР Президенттігіне кандидат:
- Бағдарламамның негізгі бағыттарымен осында емделіп жатқан адамдарды таныстырдым. Алкоголизм мен нашақорлық диагнозымен бүгінгі күні елде 107 мыңға жуық адам есепте тұр. Оның 18 мыңы есірткіге тәуелділер. Бұдан бөлек лудомания, яғни, құмар ойындарға деген қызығушылық та халық арасында кең тарап жатыр.
Мұнан соң Салтанат Тұрсынбекова Солтүстік Қазақстан облысына барды. Кәсіпкер әйелдермен кездесуде өткір сұрақтар қойылып, өзекті мәселелер талқыланды. Қазір өңірде өз бизнесін дамытып отырған 70 мыңға жуық әйел бар. 38 мыңнан астамы өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр.