Шетелде 12 мыңнан астам қазақстандық дауыс бере алады
Отандастарымыз дипломатиялық немесе консулдық өкілдікке барып, азаматтық борышын өтей алады. Ең бірінші болып Жапония мен Корея Республикасындағы Қазақстан азаматтары дауыс берді. Ол жақтағы сайлау учаскелері Астана уақытымен таңғы 4-те ашылды. Бұл Сеул уақыты бойынша сағат таңғы 7.
Владислав Цой, тілші:
-Оңтүстік Кореядағы сайлаушылар белсенді қатысып жатыр. Дауыс беру орны ашылмай тұрып-ақ, Сеул уақыты бойынша таңғы 7-ге дейін бірнеше адам келді. Дауыс бергендер арасында бір сенат депутаты және Алматы-Сеул рейсінің экипаж мүшелері бар. Осы сағатқа Кореяда 80-нен аса Қазақстан азаматы дауыс беріп үлгерді. Сондай-ақ алғашқылардың бірі болып студент Камила Шәмен дауыс берді. Бұл оның алғашқы сайлауы, өйткені 3 күн бұрын ол 18-ге толған. Алғашқы сайлаушы Кёнгидо провинциясының тұрғыны Юрий Цой болды. Ол Хвасон қаласында 5 жыл жұмыс істейді. Бір қызығы, қырық екі жастағы ақтөбелік өмірінде алғаш рет сайлауға қатысты.
Юрий Цой, Хвасон қаласының тұрғыны:
-Бүгін сайлау учаскені кандидат тандап дауыс беруге келіп отырмын. Кореяда тұрып жаңалықтарын қарап тұрамыз. Осы қазір реформа басталайын деп жатыр. Сол үшін келіп дауыс беріп тұрғаным.
Галина Әлімова, кәсіпкер:
-Менің көбінесе қарайтыным шетелде бизнес жасап жүргеннен кейін GDP (ВВП) көп тексеремін. Менің елімде жайлап көтеріліп отырғаныма көзқарасым жеткілікті алдағы уақытта 10 елдің қатарына қосыламыз деген үміттемін.
Жапонияда консулдық есепте 200 адам тіркелген. Негізінен бұл студенттер, докторанттар және Жапония компанияларының жұмысшылары. Токиода бірінші болып кәсіпкер Сырымбек Тау дауыс берді. Ол Токиоға іссапармен болған.
Сырымбек Тау, кәсіпкер:
-Барша қазақстандықтар осы сайлауға белсенді қатысып, өзін азаматтық борышын өтесе дейміз. Сондықтан белсенді қатысайық. Шетелде жүрсек те, әр жерде сайлау беру бізге бұйырған екен.
Қыран Талапбек, режиссёр:
-Сайлауға келу дегеніміз біз жастар болғандықтан, «әр нәрсені елімді өзгертемін десең, бесігінді түзе», – дейді. Біз жастар болып бірінші өзімізден бастау керекпіз. Өз еліміздің жақсы жаққа дамуы үшін, еліміз көркею үшін ең алдымен өз таңдауын жасауға өзімнен бастауға келдім.
Владислав Цой, тілші:
-Кореяда мыңдаған отандасымыз тұрады. Негізінен олар – Сеулге жақын орналасқан Кёнги провинциясының тұрғындары. Елдің оңтүстігінде, Пусан қаласының маңында да Қазақстан азаматтары бар. Менің ойымша, сайлаушылардың басым бөлігі түстен кейін келеді. Барлық сайлаушылар бетперде киюі керек, өйткені қазір республикада күніне 50 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырады. Бүгін дауыс беру барысын бір тәуелсіз және бір халықаралық байқаушы бақылайды. Елшілік ғимаратын Сеул полициясы күзетеді. Тәртіп сақшылары дауыс беру аяқталғанша осында болады. Ол Сеул уақыты бойынша кешкі сағат 8-де аяқталады. Бұл Астана уақыты бойынша кешкі 5.