Мейрам Қажыкен дауыс берді
Үміткер мұнда жұбайымен және қызымен бірге келді. Айта кетейік, Мейрам Зекешұлы «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан ұсынылған болатын. Бұған дейін кандидат елдің 14 өңірін аралап, үгіт насихат жұмыстарын жүргізген еді.
Мейрам Қажыкен, ҚР президенттігіне кандидат:
- Халқымыз, еліміз өзгерістерді аңсап күтуде. Күтіп отыр. Өзгерістер керек. Сондықтан жаңа Президент кім болса да, кешікпей тез арада өзгерістерді бастауы керек. Өйткені уақыт жоқ. Уақыт өтіп кетті. Алдағы жылда нақты өзгерістер болуы керек. Президент өзінің айтқан уәдесінде тұруы керек. Жылына төрт мезгіл халықтың алдында есеп беруі керек.