БҚО-да 505 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр
Дәл қазір аймақтағы тілшіміз Еркебұлан Смадияров бізбен тікелей байланысқа шығып, саяси науқанның өту барысын баяндайды. Еркебұлан, қайырлы кеш! Жайық жұртшылығының сайлаудағы белсенділігі қалай?
Еркебұлан Смадияров, тілші:
- Ақ Жайық өңірі елдегі елеулі сәтке бей-жай қарамады. Аймақта таң атқалы толассыз қар жауып тұр. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, барлық сайлау учаскелеріне тұрғындар келіп, өз таңдауын жасап жатыр. Облыстық сайлау комиссиясының соңғы берген мәліметіне сүйенсек, саяси науқанға қатысуға құқығы бар азаматтардың басым бөлігі дауыс беріп үлгерген. Орал қаласында 123 сайлау учаскесі бар. Мен дәл қазір №447 сайлау учаскесінде тұрмын. Бұл шаһардың орталығында жатқан аумақ. Менің жанымдағы осы учаскенің төрағасы Ұлғаным Жанғазиева. Ұлғаным ханым, бұл аумақта қанша сайлаушы тіркелген. Осы сәтке дейін шамамен қанша пайызы дауыс берді?
Ұлғаным Жанғазиева, №447 сайлау учаскесінің төрағасы:
- Бұл жерде қанша байқаушы, қанша тәртіп сақшысы бар? Азаматтардың құқығы мен қоғамдық тәртіп сақталып жатыр ма?
Шаһарда сайлаушыларға қолайлы жағдай барын аңғардық. Барлық бағыттағы қоғамдық көліктер тегін қатынап жатыр. Ал саяжай тұрғындары үшін түске дейін арнайы автобустар желіге шықты. Мүгедек жандарды 35 инватакси тасымалдауда. Сонымен қатар тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелмеген азаматтар үшін 5 сайлау учаскесі белгіленген.