Қарағанды облысының кеншілері де саяси науқанға белсенді қатысып жатыр
Онда 13500 адам еңбек етеді. Таңмен таласа тұрған жұмысшылар өз сайлау учаскелеріне барып, дауыс беріп жатыр. Тіпті арасында жұмыс ауысымына түсер алдында үлгеріп, саяси таңдауын жасап жатқандар да бар. Соның бірі - Нұрлыбек Талықбаев, отбасы мүшелерімен бірге сайлау учаскесіне ерте келіп, ел болашағы үшін дауыс берді.
Нұрлыбек Талықбаев, кенші:
- Енді әрине, таңертең тұрып, сайлау учаскемізге барып, дауысымызды беріп өзіміз таңдаған кандидатымызға. Жұмысқа бара жатырмыз шахтамызға. Еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын, аспанымыз ашық болсын!