Ақмола облысындағы сайлау барысын мыңдаған байқаушы бақылады
Өңірде саяси науқан барысында ешқандай заңбұзушылық анықталмаған. Тек дауыс беру орындарындағы бұқаралық ақпарат құралдарынан басқа тұлғалардың бейне түсірілімдеріне қатысты түсініспеушілік туындаған. Дегенмен оның бәрі заңнамада ашық, айқын жазылған.
Ерлан Зәкириянов, «Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ АОФ төрағасы:
«Азаматтық кодекске сүйенсек, 145 бапта жазылған. Онлайн трансляция болмайды, отырып өзін-өзі тікелей трансляция болмайды. Содан кейін жұртты, халықты, түсіруге болмайды. Оның келісімі болмай. Ал өз-өзін түсіруге неге болмасқа? Ал кімге бердім, қалай бердім дегенді айтуға болмайды. Бірақ осылай бардым, осылай дауыс бердім деген енді фотоотчет сияқты ғой. Болады, мысалы.