Ақтөбеде сайлау барысында өрескел заңбұзушылық анықталған жоқ
Айта кету керек облысқа Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 16 өкілі келген болатын. Бұдан бөлек ұлттық байқаушы ретінде және бұқаралық ақпарат құралдары атынан 3 мыңға жуық азамат тіркелген.
Нұржан Шаңғытбаев, «Партиялық емес бақылау орталығы» АОФ төрағасы:
-Облысымызда 502 сайлау учаскесі орналасқан. Сол 502 сайлау учаскесіне партиялық емес бақылау орталығынан біздің өзіміздің дайындаған байқаушыларымыз қатысып, өз міндеттерін атқарды. Заңбұзушылық фактілері орын алған жоқ. Президент сайлауы әділ, әділетті және шынайы өтті деп мен айта аламын.