Сенаторлар Үкіметті қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешуге шақырды
Әзірге құрылыс сапасы төмен, мемлекеттік сатып алу тетіктері жетілмеген. Сондай-ақ құрылыс материалдарының қымбаттауы, ауылдық жерлерде тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалардың жоқтығы сынға алынды.
Дәурен Әділбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Құрылыс көлемін ұлғайту, халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуда мемлекеттік қолдау шараларының атаулы болуы мен тиімділігін арттыру талап етіледі. Құрылыс материалдарының импортын азайтуға, сондай-ақ отандық құрылыс өнімдерін өндіру нарығын дамытуға бағытталған шаралар қабылдануы керек. Сондай-ақ ескірген тұрғын үй қорына байланысты мәселелерді шешу тәсілдерін әзірлеу қажет.