Саяси аренаға «Байтақ» партиясы қосылды
Саяси партияны қолдап 20 мың адам қол қойған. Құрамында азаматтық белсенділермен қатар, қоршаған орта жанашырлары бар. Бұл туралы жасылдар ұйымының жетекшісі Азаматхан Әміртай әлеуметтік желіде бөліскен. Ұйымның мемлекеттік тіркеуден өткенін Әділет министрлігінің баспасөз қызметі де растады. «Байтақ» жетекшісінің айтуынша ертең жаңа партияның алғашқы баспасөз конференциясы өтеді.