Жаңа Салық кодексі инвестициялық тартымдылықты арттырады
Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Жиынға бірқатар дамыған елдердің Қазақстандағы елшілері мен ірі бизнес өкілдері қатысты. Премьер-министрдің айтуынша Қазақстанда бәсекелестікті күшейту, заңнама және сот практикасын жетілдіру жөніндегі шаралар іске асырылуда. Бұл өз кезегінде бизнесті қорғау жүйесін едәуір нығайтып, инвесторларға кең ауқымды экономикалық мүмкіндіктер бермек.