Елімізде жаңа координаттар жүйесі әзірленеді
Бұл құжат көптеген мүмкіндіктерге жол ашпақ. Себебі Қазақстанда әлі күнге дейін Кеңес үкіметі кезінде жасалған 1942 жылғы мемлекеттік координаттар жүйесі пайдаланылады. Осының әсерінен елде ғимараттар мен тұрғын үйлер, жолдар мен көпірлер салу кезінде қиындық туындайды. Өйткені ескі координат дәлдігін жоғалтқан, өлшеу тиімділігі талапқа сай емес. Сенат отырысында құзырлы министрлік ұсынған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Мәулен Әшімбаев, Қр Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Қабылданған заңдар еліміздегі геодезия, картография және кеңістік деректерге қатысты заңнаманы жетілдіруді көздейді. Сондай-ақ Ұлттық кеңістіктер инфрақұрылымын құру және қолдану үшін құқықтық негіз қалыптастырады.