Қазақстанда петиция беру тәртібі өзгереді
Енді отандастарымыз тарапынан көтерілген сұрақ елеусіз қалмауы үшін арнайы интернет портал құрылады. Барлық петиция сол жерге жіберіледі және қол онлайн түрде жиналады. Әдетте мұндай бастамалар әлеуметтік желі беттерінен әрі аспайтын. Жаңашылдыққа сай қолдаушылардың дауыс саны да нақтыланған. Орташа есеппен ол жергілікті халықтың 2-5% құраса, мемлекеттік орган көтерілген мәселені өз қарауына алуға міндетті. Республикалық деңгейдегі сұрақ болса кемінде 50 мың дауыс жиналуы қажет.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
- Бұл шектеу азаматтар үшін емес мелекеттік құрылымдар, жалпы жүйелеу үшін. 50 мыңға жетпеген күннің өзінде петиция болып саналмағанның өзінде біз оны хабарлама, азаматтың өтініші ретінде жауап береміз.