1 қаңтардан бастап елде «Жеке тұлғаларды оңалту және олардың банкроттығы туралы» заң күшіне енеді
Бірақ экономист Сапарбай Жобаев оның өзіндік шектеулері бар екенін ескертті. Мәселен, өзін «банкрот» деп жариялаған адамға 7 жылға дейін несие берілмейді және елден шығуға тыйым салынады. Одан бөлек, қоғамдық жұмысқа тартылуы да мүмкін.
Сапарбай Жобаев, экономист:
-Себебі оны қаржылық басқарушы басқарады. Оны қандай да бір жұмысқа қоюы мүмкін өзі қаламайтын. Мәселен, қоқыс жинайтын не болмаса химиялық зиянды жұмысқа қоюы мүмкін. Оны мынау біздің кірістер департаменті бар, солар шешіп, ол адамды жұмысқа баулуы мүмкін. Яғни өзінің жағдайын жақсартуға әрекет жасатады.