Шешім қабылдай алмайтындар орнын босатсын – Смайылов
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
- Осында отырған әрбір Үкімет мүшесінен де нақты жұмыс күтіліп отыр. Біздің жұмысымыздың нәтижесін қазақстандықтар сезінуі керек. Талап өте жоғары. Ал «қолымнан келмейді, шешім қабылдай алмаймын» деген әріптестеріміз қазірден орындарын босату керек. Орындарыңызға басқа адамдар келеді.
Еліміз бойынша бірнеше қалада болған коммуналдық апат кезінде атқарушы биліктің осалдығы анық байқалды. Сондықтан Үкімет алдымен жылу желілерін кезең-кезеңмен жаңғыртуды мақсат еткен. Алдағы 7 жылда 1 мың 600 шақырым жылу құбыры ауыстыралады. Сондай-ақ 1 ай ішінде инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі іс-шаралар кешені жаңартылады. Үкімет мүшелерінің айтуынша, заңсыз берілген кен орындарын қайтару жұмысы басталып кетті. Бүгінде мұндай 10 нысанның лицензиясы қайтарып алынды. Бұдан бөлек, АрселорМиттал Теміртау бойынша да Бас прокуратура кешенді тексеру жүргізіліп жатыр.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
- Мемлекет басшысы өз бағасын берді. Оның алдында мен де айттым ғой, қазақстандықтар ондай бұзушылықтарға шыдамайды. Сол себептен оған нақты баға беріледі де, оған енді нақты айта алмаймын қандай шаралар қолданылып жатқанын. Өздеріңіз көп созбай жақын арада естисіздер.