Мемлекет басшысын Ташкент халықаралық әуежайында Шавкат Мирзиёев қарсы алды
Алғашқы күннің өзінде қос тарап 40 шақты құжатты бекітті. Биылғы 10 айда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымы 4 млрд доллардан асқан. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35% көп. Енді арадағы алыс-беріс 10 млрд долларға дейін көбейеді. Туризм бағытында да тың жобалар бар. Енді Түркістан-Самарқанд-Ферғана бағытында әуе қатынасы пайда болады.