Газ бағасын реттеуді көздейтін заң жобасы мақұлданды
Яғни жүйе автоматтандырылады. Онда бөлшек сауданың көлемі, бағасы, нақты уақыты мен орны туралы мәлімет те қамтылады. Жұмыс тобының жетекшісі Екатерина Смышляеваның айтуынша, алда инфрақұрылым мәселелері - жанармай мен газ құю станцияларының, газ тарату қондырғыларының функционалдық мүмкіндіктері де қаралады. Айта кетейік, заң жобасы энергетика министрлігіне сұйытылған газдың бөлшек сауда бағасын реттеу құқығын да беріп отыр.
Асхат Хасенов, ҚР Энергетика вице-министрі:
- Арнайы жүйеленген жиынтық заявка бізге берілмейтін болады. Өзіміздің өндірістің мүмкіншіліктерге байланысты оларға сұйытылған газдың көлемін беріп, одан кейінгі бөлуді әкімшіліктер өздері жетелейтін болады. Бұл оларға қосымша құзыреттілік беретін болады.
Тағы бір айта кетері, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов 13 қаңтарда Парламент палаталарының бірінші бірлескен отырысы өтетінін хабарлады. Онда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшін жою мәселесі қаралуы мүмкін.