Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы: 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды
Тізім бойынша 1 млн-нан астам сайлаушысы бар Түркістан облысы көш басында. Ал 138 мың адаммен Ұлытау өңірі тізім соңында тұр. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар, студенттер, әскери қызметшілер өздерінің нақты болатын орындарында дауыс бере алады. Ал эпидахуалға байланысты Денсаулық сақтау министрінің орынбасары кандидаттарды ұсыну кезеңінде конференцияларды желдеткіштері бар ғимараттарда ұйымдастыру керек екенін хабарлайды.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
- Қаңтар айының басынан бері ковид бойынша тәулігіне 120 жағдай тіркелген. Ал эпидахуал басталғалы ЖРВИ-дің 2,9 млн, тұмаудың 3000 жуық жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20% көп. Сондықтан ахуалды бақылауда ұстауымыз керек. Кандидаттарды ұсыну барысындағы жиындарда қазіргі санитарлық талаптар сақталуы тиіс.