«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы тұрғындар өтінішінің негізінде жасалады
Қазір басымдық берілетін негізгі салалар анықталап жатыр. Олардың ішінде экономика, экология және энергетикадағы өзекті мәселелер қамтылады. Сайлауалды бағдарламаның түпкілікті нұсқасы партия сьезінде бекітіледі. Онымен қоса, партия атынан сайлауға түсетін депутаттардың есімі де сол жиында белгілі болады. Айта кетейік, алдағы саяси науқанның барысын бағамдауға «AMANAT» партиясы 20 мың байқаушы мен 10 мың сенімді өкілін қатыстырады.
Елнұр Бейсенбаев, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы:
-Біздің сайлауалды бағдарламамыз тек қана бағдарламамен ғана емес, үлкен жол картасымен көмкерілетін болады. Жол картасында нақты іс-шаралар тізімі болады. Қашан, қандай жерде мектеп салынады. Қандай мәселені қалай шешеміз. Жалпы, біздің сайлауалды бағдарламамыз осындай концептуальды тәсілдерден тұрады.