Смайылов Шымкенттегі жаңа әуежай терминалының құрылысын жеделдетуді тапсырды
Әуежайдың халықаралық мәртебеге сай келмейтінін айтты. Премьер сондай-ақ қаладағы ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысып, шыны өңдейтін және әйнек конструкцияларын шығаратын жаңа зауыттың ашылуына қатысты.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
-Жаңа жұмыс орындары құрылып, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Былтыр біз 150 жаңа индустриалдық жобаны іске асырдық. Олардың көлемі 2 трлн. теңгені құрады. Биыл да біздің жоспарымызда бұдан да төмен емес, жоғары жоспарларымыз бар. Жоспарымыздың бірі — бүгінгі ашылып жатқан кәсіпорын. Бұл жаңа жобаға 5,8 млрд. теңге инвестиция салынды.