Энергетика министрі: Биыл еліміз 60% газбен қамтылады
Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде осылай деді. Мақсатқа жету үшін инвестициялық бюджеттен тартылған 74 миллиард теңгеге 86 жоба іске асырылады. «Бұл 56 елді мекендегі 167 мың азаматты көгілдір отынмен қамтуға жол ашады», — дейді министр. Сондай-ақ елдің солтүстігі мен шығысын газдандыру үшін бірқатар газ құбырын салу жоспарланып отыр.
Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:
-Елдің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыруға қатысты бірнеше нұсқалар пысықталуда, атап айтқанда «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 2-ші және 3-ші кезеңдерін салу және Ресей Федерациясымен Павлодар қаласына тармақталған «Барнаул-Рубцовск-Семей-Өскемен» магистральдық газ құбырын салу бойынша келіссөздер жүргізілуде.