Президенттің тапсырмасымен Түркия еліне қосымша көмек жіберіледі
Анадолы жеріне шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер мен басқа да ең қажетті заттар жөнелтіледі. Бұдан бөлек еліміздің барлық облыстары жер сілкінісінен зардап шеккен түрік халқына гуманитарлық көмек жіберіп жатыр. Мәселен, бір ғана АФАД қорының өзіне қазақстандықтар 1 млрд теңгеден астам қаржы аударған. Сондай-ақ белсенділер бастамасымен 100-ден астам киіз үй Түркияға жеткізілді. Жомарт жандар қазан-ошақ пен жылыту және электр қондырғыларын да апарған.