Respublica партиясы сапарын Жетісуда жалғастырды
Республикашылар мінген автобус әуелі Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзекке тоқтады. Халықпен кездесіп, тұрғындарға өз бағдарламаларын таныстырды. Жиынға келушілер аудандағы білім, денсаулық салаларындағы мәселелерді жеткізді. «Ауыл-аймақтан тұрғындардың үдере көшуі – басты назар аударатын мәселе»,–дейді олар. Ал партия өкілдері кейін облыс орталығы Талдықорғанға табан тіреп, бірден бас штабқа тоқтады. Облыстағы өзекті тақырыптармен жақын танысып, сапар қала тұрғындарымен болған кездесуде жалғасын тапты. Мыңнан аса адам жиналған шарада саяси науқанның маңыздылығы кеңінен насихатталды.