Елордада «AMANAT» партиясының әйелдер форумы өтті
Онда елдің әр өңірінен келген 800-ден астам адам бас қосты. Жиында қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлі, олардың өз қабілет-қарымын іске асыруы және елдің саяси өміріне араласу мәселері талқыланды. Ал республикалық штаб басшысы Ерлан Қошанов форумға қатысушылардың партияда әйелдер қанатын құру туралы ұсынысын қолдады.
Ерлан Қошанов,«AMANAT» партиясының төрағасы:
-Мемлекет ана мен балаға, қамқорлық пен қолдауға, гендерлік саясат мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Соңғы жылдары елдің саяси қоғамдық өміріндегі әйелдердің рөлі ерекше артып келе жатыр. Сайлаудың партиялық тізімдеріне әйелдерге арналған міндетті квота енгізілді.
Бұдан бөлек, «AMANAT» штаб мүшелері «Астана-Тазалық» еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорын қаланың санитарлық тазалығымен, аумақтарды абаттандырумен және тазалаумен айналысады. Партиялықтар жұмысшылардың құқықтары мен денсаулығын қорғау тақырыптарын талқылады.