Respublica партиясы өкілдері Тараз қаласына ат басын тіреді
Жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, өз тәжірбиелерімен бөлісті. Ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы пікір алмасып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді қозғады. Содан кейін тұрғындармен жүздесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Өңірдегі проблемаларды шешу үшін өз ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ жарық техникасы өнімдері мен электротехникалық жабдықтарды өндіретін компанияға барды. Жұмысшылармен тілдесіп, отандық өндіріс ошақтарының маңызы жайында сөйлесті.
Қуаныш Шонбай, Respublica партиясының тең төрағасы:
- Жамбыл облысында үлкен кездесу жасап жатырмыз. Күні бойы үлкен кездесулер. Таңертеңнен бастап кәсіпкерлермен кездестік. Кәсіпкерлермен салық кодексін, сол тақырыптарды қозғадық. Одна кейін халықпен кездесіп отырмыз. Үлкен позициялық философиялық концепциялық әңгімеден бастап нақты бір тақырыпқа дейін әңгіме болып жатыр.