Respublica партиясының өкілдері Қызылорда облысының кәсіпкерлерімен жүздесті
Кездесу барысында аймақтағы бизнесті дамытудың жаңаша жолдары жайы талқыланды. Қатысушылар пікір алмасып, ұтымды ойларын ортаға салды. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының маңызы мен ел экономикасына тигізер пайдасы турасында әңгіме өрбіді. Сондай-ақ талқыланған тақырыптың бірі — жаңа жұмыс орындарын ашу және бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар. Сол үшін бизнес саласын жүйелі түрде қаржыландыруға айрықша назар аудару керек екені де айтылды.
Назерке Талғатова, Respublica партиясы Қызылорда облыстық филиалының басшысы:
-Үгіт-насихат жасау науқанында біз кең ауқымда барлық іс-шараларды өткізудеміз. Барлық кәсіпкерлермен, тұрғындармен түрлі кездесулер ұйымдастырып, ол кісілерге біздің бағдарламаларымызды ұсынып, таныстырып жүрміз. Турне аясында төраға, тең төраға және кандидаттарымыз Қызылорла облысында 700-ден астам халықпен кездесіп кандидаттарымыз халықтан түскен ұсыныстарды назарға алып жатыр.