Хабар телеарнасы

ҚХП 700 кездесу өткізді

Қазақстан Халық партиясының республикалық үгіт-насихат штабы Өскеменге барды. Ұйым төрағасы Ермұхамет Ертісбаев қоғамдық бірлестіктің өңірдегі белсенділерімен кездесіп, партияға жаңадан қабылданған 30 адамға куәлік табыстады. Күн тәртібінде электоралды кезеңнің он күндік қорытындысы шығарылды. Кандидаттар агитация басталғалы 700 астам іс-шара өткізіпті. Еліміздің 17 облысы мен үш мегаполисіндегі кездесулерге 100 мыңнан астам адам қатысқан. Олардың басым бөлігі еңбек адамдары. Қызмет салалары сан-алуан. Айта кетейік Қазақстан Халық партиясы атынан мәжіліс депутаттығына 66, жергілікті мәслихаттардағы мандатқа 500-ге жуық үміткер ұсынылған.

Ермұхамет Ертісбаев, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Төрағасы:
-Кездесулерге жеке өзімде қатысып жүрмін. Мұның алдында ғана Қарағандыда болдым. Металлургтер, дәрігерлер, зауыттардағы 14 ұжыммен жүздесіп партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырдық. Мұндай бетпе-бет форматындағы жиындар үлкен маңызға ие.