ЖСДП-ның республикалық штабында жиын өтті
Депутаттыққа үміткерлер сайлауалды науқанын жүзеге асыру бойынша бағдарламасы мен аймақтарға іс-сапар жоспарын тағы бір пысықтап алды. Жұмыстарының аралық қорытындысын шығарып, алдағы 2 аптаға міндеттерін айқындады. Қазір еліміздің барлық өңіріндегі штабтар жұмыс істеп тұр. Ұйымның үгіт-насихат парақшаларын таратуға мыңнан астам волонтер жұмылдырылған. Бүгінге дейін партия мүшелері 300-ге жуық іс-шара өткізді. Енді оның санын 500-ден асыру жоспарланып отыр.
Мақсұт Насибулов, ЖСДП мүшесі:
- Бізде барлық республика бойынша кездесулер жүріп жатыр, сайлаушылармен, жергілікті халықпен. Сонымен қатар агитпоезд, барлық елді мекенді қамтып жатырмыз. Ол бастау біздің республикалық штабтан, Астанадан бастау алды.