«Ақ жол» демократиялық партиясы үгіт-насихат жұмыстарын Өскеменде жалғастырды
Кандидаттар кәсіпкерлермен кездесіп, сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Өңірдегі бизнесті дамыту жайы талқыланды. Жалпы ел ішіндегі өзекті мәселелер ортаға салынып, оны шешу жолдары айтылды. Сондай-ақ штаб мүшелері аймақтағы ірі сүт зауыты мен жылу электр орталығында болды. Кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесіп, олардың тілектері мен ұсыныстарын тыңдады. Кездесуде партияның алдағы жоспары, сайлауалды тұғырнамасы баяндалды.
Ерлан Сабыров, аймақтық сайлауалды штаб мүшесі:
-Бүгінгі Өскемен қаласындағы кездесуге «Ақ жол» демократиялық партиясының орталық аппаратынан жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуде негізінде кәсіпкерлік және әлеуметтік сала жөніндегі сұрақтар көтерілді.