Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің құқық бұзушылық әрекеті әшкере болды
«Адал сайлау үшін» штабының мәлімдеуінше, тіркеуге алынған 3 деректің 2-і Алматыда болған. Кандидаттардың бірі үй қамақта отырып, ескертілген талаптарды бұзған. Полиция оны үйіне әкеліп, ескерту жасаған. Екінші үміткер, дүние мүлкі туралы деректерді толық көрсетпей, жасыруға тырысқан. Ал үшінші факт бойынша кандидат үгіт науқаны басталмай тұрып насихат жұмыстарын жүргізген. Сот үміткерге 51 мың теңге айыппұл салған.
Бейсен Иманжанов, «Адал сайлау үшін» Республикалық қоғамдық штабының мүшесі:
- Заң бойынша келісім қарым-қатынастар бұзылады. Бұл жерде кінәлілік қағидасы. Кім кінәлі сол жауап береді. Бір партия өздері жағдайларды бұзса, әрине, партия мүшелері жауапкершілікке тартылуы керек. Басқа адамдар жасап жатса, жасаған тұлға жауап беруі керек.