ҚХП өкілдері Атырау мұнай өңдеу зауытында болды
4 мыңнан астам адам жұмыс істейтін еңбек ұжымымен кездесті. Зауыттың бас кеңсесінде болып, өндіріс орнының тыныс-тіршілігімен танысты. Кәсіпорын қара алтынды өңдеп, одан бензин, дизель, сұйытылған газ сияқты 20-дан астам өнім түрін шығарады. Жиын барысында партиялықтар тұғырнаманың басым бағыттарына тоқталды. Қоғамдағы өзекті тақырыптар да сөз болды. Жалпы бірлестік саяси науқан басталғалы өңірде 50-ден астам үгіт-насихат шарасын өткізіпті.
Гүлсім Биташева, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ мүшесі:
-Қазақстан халық партиясының үміткерлері тұрғындармен кездесіп, өздерінің алға қойған мақсаттарын, партияның бағдарламасын түгелімен таныстырып ауыл-аймақтың бәрін аралап келе жатырмыз. Оның ішінде Индер, Маханбет, Жылыой аудандарына бардық.