«Ауыл» партиясының кандидаттары Ұлытау облысында сайлаушыларымен жүздесті
«Ауыл» партиясының облыстардағы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Кандидаттар Ұлытау облысында сайлаушыларымен кездесіп, саяси ұйымның тұғырнамасын түсіндірді. Жиынға қоғам қайраткерлері, мәдениет өкілдері мен ақсақалдар қатысты. Ал Павлодар облысындағы жұмыс тобы локомотив жөндеу зауытына барып, жұмысшыларымен әңгімелесті. Жастарды еңбекке баулу жөнінде сөз болды. Кәсіпорындағы еңбек жағдайымен танысып, сайлауға қатысудың маңыздылығы туралы айтылды. Делегация өкілдері ертең Қызылорда қаласына барады.
Самат Өскенбаев, локомотив жөндеу зауытының директоры:
-Менің ұжымымда 180 адам жұмыс істейді. 19-ы болатын саяси науқанға қатысамыз. Өз таңдауымызды жасаймыз. Парламентте қабылданатын заңдар халыққа жұмыс істейді деп сенеміз. Сол үшін біз сайлауға барамыз.