Хабар телеарнасы

ЖСДП республикалық штабында жиын өтті

Саяси ұйым мүшелері жұмыстарының аралық қорытындысын шығарды. Аймақтардағы штаб басшыларымен байланысып, алдағы күндердің міндеттерін айқындады. Сайлауалды науқанның соңғы күндерінде бағдарламасы мен алға қойған жоспарын бір пысықтап алды. Жалпы партияның үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асыруға мыңнан астам волонтер жұмылдырылған. Бүгінге дейін депутаттыққа кандидаттар 600-ге жуық іс-шара өткізді.

Мақсұт Насибулов, ЖСДП мүшесі: 
- Сайлау уақытына дейін аз уақыт қалды. Өте қарқынды жұмыс жасап жатырмыз. Оффлайннан бөлек, жете алмаған ауыл аймақтармен тікелей эфирде сұхбат жүргіземіз, кездесулер. Ерекше атап өткім келгені, ол біздің волонтерлер мен белсенділер. Бүкіл аймақтарда парақшаларымызды іліп, таратып үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.