Сайлау 2023: елдің күтері көп
Сайлауға санаулы күн қалды. Ал үгіт насихат жұмыстары 18 наурызда сағат 00:00-де аяқталады. Республика бойынша дауыс беруге құқылы 12 млн 152 мың 876 сайлаушы тіркелген. Сайлауда дауыс беру жүйесі онлайн форматқа ауыстырылмайды. Халықаралық қауымдастық дайын емес. Ал халық алдағы саяси науқаннан не күтеді?
Блиц – 1
- Барамыз сайлауға. Депутаттарды танимыз. Қаламызды көркейтсе. Жастарға жағдай жасаса.
Блиц – 2
- Өзіміздің тағдырымыз шешіледі. Депутаттарды сайлау керек. Партияларды білеміз. Үмітіміз көп енді. Ақтасын деп ойлаймыз.
Блиц – 3
- Шынымды айтсам, көбісін танымаймын.
Блиц – 4
- Біздің жұмысқа келді бір кісі. Мен ауылда тұрамын. Ауылдың жағдайы жақсы болса. Жұмыс, жол, су мәселесі бар. Сол мәселелерді шешіп көрсе.
Блиц – 5
- Зейнеткерміз. Әлеуемттік жағдайларды көтеретін депутаттар болса. Қаламызды дамытатын депутаттар болса. Ең негізгісі халықты ойлайтын болуы керек.
Блиц - 6
- Жаңа Қазақстан үшін барамыз. Агитация жасағандарды танимыз.