Еліміздің бірқатар аймағындағы ауылдарды су басу қаупі бар
Еліміздің бірқатар аймағында өзендер арнасынан асып жатыр. Ақтөбе облысының Ойыл ауданда үш бірдей ауылды су басу қаупі күшейді. Екпетал елді мекенінің 105 тұрғыны аудан орталығына эвакуацияланды. Қаратал ауылына да су жақындаған. Сондықтан оның бағытын бұруға арналған жұмыстар басталды. Ал Қарасумен байланыс жоқ. Жол қатынасы үзілген. Көрші Қобда ауданының Байтақ және Жарық ауылдарына да қатынау әзірше мүмкін болмай отыр. Ал аудан орталығында 51 үйдің аумағынан су айдап жатыр. Қазір өңірдегі 3 мектептің оқушылары онлайн режимде білім алуға кіріскен.
Нұргүл Бертілеуова, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:
-Ойыл ауданының Екпетал мектебіндегі 61 оқушы және Қобда ауданы бойынша 392 оқушы. Олардың онлайн білім алуына ешқандайда кедергі жоқ. Өйткені қажетті техникалық құралдардың барлығы да, интернет желісіне қосылу да қазір жағдай жасалған. 18 наурыздан бастап, балалардың барлығы көктемгі каникулға кетеді.