Хабар телеарнасы

Сайлау 2023: ел бойынша дауыс берушілердің саны 12 миллионнан астам

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының брифингінде айтылды. Саяси науқанның заңды өтуін 12 халықаралық ұйым мен 41 елден келген 793 байқаушы қадағалайды. Жалпы 10 мың 223 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 77-сі шет мемлекетте. Демек алыста жүрген азаматтарымыз да өз таңдауларын жасай алады.

Мұхтар Ерман, ҚР ОСК хатшысы:
-Қазіргі уақытта дауыс беру 10 164 сайлау учаскесінде өтуде. Сағат 10:00-денн бастап әр 2 сағат сайын азаматтардың сайлау учаскелерінде дауыс беруге қатысты хабарлап отыратын боламыз.