Мәулен Әшімбаев сайлауда дауыс берді
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгінгі сайлаудың Мемлекет басшысы бастаған саяси реформалар аясындағы маңызды кезең екенін баса айтты. Соның айғағы болар, бір мандатты округтер бойынша үміткерлер саны рекордтық деңгейге жеткен. Халықтың азаматтық белсенділігін жоғары бағалаған Мәулен Әшімбаевтың өзі де елордадағы Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Мәулен Әшімбаев,, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Жаңарған заңнама негізінде бүгінгі сайлау өтіп жатыр. Бұл сайлаудың үлкен жаңашылдықтарының бірі бір мандаттық округтардың кіргізіліп жатуы. Осындай өзгерістер қоғамның тарапынан жақсы қабылданып жатыр деп айтуға негіз бар.