Президент Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
Қазақстандық тенисші Елена Рыбакина тұңғыш рет Индиан-Уэллс турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл жеңісімен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. «Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін, спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда, жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!» — деді Президент. Айта кетейік, Қазақстандық теннисші осы жеңістен кейін әлемдік рейтингте жетінші сатыға көтеріледі.
Елена Рыбакина, тенисші:
-Жарыс жоғары деңгейде өтті. Мені қолдаған жанкүйерлерге алғыс айтамын. Екі апта бойы аянбай тер төгіп, бас жүлдеге ұмтылдым. Алдағы жылы да осы жарысқа қатысып, жетістігімді қайталауға тырысамын. Өйткені мұндағы атмосфера ұнайды. Нағыз теннис мерекесі.