Руслан Жақсылықов ШЫҰ Қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысты
Үндістан астанасы Нью-Делиде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесі өтті. Оған еліміздің қорғаныс ведомствосының басшысы Руслан Жақсылықов қатысты. Жиында Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, саладағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты. Отырыс аясында Руслан Жақсылықов Үндістан Қорғаныс министрімен кездесті. Тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму әлеуетін талқылады. Кеңестің келесі отырысы келер жылы Қазақстанда өтеді.