Қазақ-Қытай қатынасының жаңа кезеңі басталды
«Президенттердің жүздесуі екіжақты қатынасты одан әрі нығайтуға сеп болады», — дейді Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеу институтының сарапшылары. Қазақ-қытай арасындағы алыс-беріс былтыр 24 млрд АҚШ долларынан асқан еді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 34% артық. Ал биыл қаңтар мен наурыз аралығында бұл көрсеткіш тағы 30% өсті. Пандемияға байланысты енгізілген шектеулер алынған соң, тауар айналымының еселенуі заңды құбылыс болары белгілі.
Айдар Құрмашев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы:
-Енді осы жылдан бастап Қытайдың пандемиядан шектеулерді алынуда және бұл бизнес және туристердің өсуіне жол береді деген ойдамыз. Сондықтан қазір Қытаймен байланыс көбінесе Орталық Азия аймағы шеңберінде де қарастырылуда. Себебі көптеген инвесторлар келгенде тек қана бір мемлекетке емес, жалпы аймаққа келеді.
«Қатаң карантиннен кейінгі байланыс енді қарыштап дамиды», — дейді қытайлық сарапшылар. Себебі Қазақстан мен Қытай басшылары екіжақты қатынастың «Алтын 30 жылдығы» басталғанын жариялады. Оның алғашқы кезеңі коронавирустық шектеулермен сәйкес келсе де, бұл екіжақты ынтымақтастықты дамытуға кедергі болмайды.
Чжан Нин, ҚХР қоғамдық ғылымдар академиясы Орталық Азия мен Кавказды зерттеу бөлімінің басшысы:
-Екі ел арасындағы қатынастар ежелгі дәуірден басталды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қытай басшыларының бірнеше ұрпағы Қазақстан билігімен достық қарым-қатынасты сақтап келеді. Барлық салалардағы ынтымақтастық еркін алға жылжуда. Енді біз пандемия кезінде жоғалған үш жылды қуып жетуге тырысамыз.