Мемлекеттік кадрлық резервке іріктеу басталады
Алдағы қыркүйек айында Мемлекеттік кадрлық резервке іріктеу басталады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында айтылды.
Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында биылғы жаңа іріктеуді ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Іріктеуді өткізу тәртібі мен мерзімдері туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайтында жарияланады.