Үкімет басшысы Арменияға барды
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысына қатысу үшін Арменияның Цахкадзор қаласына барды. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің Үкімет басшылары 2030 және 2045 жылдарға дейінгі интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытуды талқыламақ. Сондай-ақ өзара сауданы арттыру, ішкі нарықтағы әкімшілік кедергілерді жою және басқа да бірқатар мәселені сарапқа салады деп күтілуде.