Қазақстан – Түркия серіктестігі нығая түспек
Қазақстанда Түркияның жетекші университететтерінің филиалдарын ашу. Қос елдің Сыртқы істер министрі осы бастаманы іске асыру жайын талқылады. Бізге ресми сапармен келген Хакан Фиданмен әріптесі еліміздің Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу кездесті. Оның айтуынша, қазірдің өзінде 8 мыңнан астам қазақстандық Түркияда оқып жүр. Яғни бауырлас елдің білім беру жүйесіне деген сұраныс жоғары.
Келесі сұрақ – барыс-келісті арттыру. Соңғы уақытта өзара әуе қатынастарының жиілігі 40-тан 93-ке дейін артыпты. Ұшулар негізінен Астана мен Алматы қалаларынан орындалады. Енді бұл тізімге Ақтау мен Шымкентті қосу қажеттігі туындауда. Тараптар өзге салалар бойынша да әріптестікті арттыруға мүдделі
Хакан Фидан, Түркия Республикасының сыртқы істер министрі:
- Қазақстанмен өзара баланысымызды арттыру біз үшін маңызды. Себебі әлемдік геосаяси ахуалға байланысты түрлі тәуекелдер артып жатыр. Қарым-қатынасымызды қос елгеде пайдалы болатындай жаңа дейңгейге шығарумыз керек. Экономиканың барлық саласында бірлесіп жұмыс жасауымызға әзірміз.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Сыртқы істер министрі:
- Екі мемлекет болашақта инвеститция көлемін ұлғайтуға мүдделі екенін растадық. Қазақстандағы жасыл экономика, ІТ технологиялар, ғарыш, өндіріс сияқты салалардың әлеуеті зор. Сондықтан Қазақстанға келген Түрік компаниялары мен кәсіпкерлеріне қолдау көрсетуге дайын екенімізді әріптесіме жеткіздім.