Айдарбек Қожаназаров: Апатты үйлерді жөндеуге мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама құру қажет
Ел ауылдарында 1,8 млн тұрғын үй бар. Алайда оның жартысына жуығы пайдалануға 40 жыл бұрын берілген. Сондықтан апатты үйлерді жөндеуге мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама құру қажет. Мәжілісте өткен жиында депутат Айдарбек Қожаназаров осылай деді. Оның сөзінше, халықтың 40% ауылда тұрғанмен, аймақтарды дамыту стратегиясы назардан тыс қалып келеді. Сондықтан бұл мәселе ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелу керек. Ал «Отбасы банк, ауылға арналған ипотекалық бағдарлама әзірлегенде халықтың әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктерін ескеруі тиіс»,—дейді мәжілісмен.
Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Нақты талап — көзқарасын ауылға қарай бұру, бірінші. Екіншіден, кепілдік саясатын ауыстыру. Әсіресе осы ауылды жерлерге. Үшіншіден ауылды жерлерде жұмыс істейтін шаруалармен тіл табысып, олармен бірге бірігіп, өздерінің тұрғын үй жобасы мәселесін бірігіп шешу.