Аида Балаева Италиядағы қазақстандық студенттермен кездесті
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Италияға сапары аясында бүгін Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандық студенттермен және өнер саласында жұмыс істеп жүрген жастармен кездесті. Жиынға 20-дан астам отандасымыз қатысты. Әңгімелесу барысында Аида Балаева жырақта жүрген жастармен еліміздегі мәдениет саласының қазіргі даму жайы мен өзекті мәселелерін талқылады. Министр студенттерге оқуда сәттілік тілеп, келешекте Қазақстанға оралып, еліміздің мәдениетін көркейтуге үлес қосады деген сенім білдірді. Бұған дейін ол италиялық әріптесімен кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын да атап өтейік.