Хабар телеарнасы

Ақтөбе облысында 57 мың кәсіпкер салық органдарына декларация тапсырмаған

Ақтөбе облысында 57 мың кәсіпкер салық органдарына декларация тапсырмаған. Ал есеп беру мерзімінің аяқталуына екі айға жуық уақыт қалды. Талап бойынша заңды тұлғалар, бизнес құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары активтері мен міндеттемелері туралы есеп беруі қажет. Бұл жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі. Алайда осы санатқа жататын 102 мың адамның бүгінгі күнге дейін тек 44% декларация тапсырған. Сондықтан мамандар кәсіпкерлерге салғырттыққа салынбай, жеке басына қатысты мәліметтер беру қажеттігін ескертеді. 

Асылбек Қалменов, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:
-Егер де жеке тұлға тапсырудан кешігіп қалған жағдай болса, қателік жіберсе, ол жерде ескерту беріледі. Егерде бір жылдың ішінде қателігі қайталанса, тек сол кезден бастап айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылады. Декларацияны 2024 жыл 15 қыркүйекке тұрғылықты жері бойынша тапсыруы қажет.