Мемлекеттік кеңесші арнайы жиын өткізді
Ерлан Қарин Президенттің Атырауда өткен құрылтайдағы сөзінде мәдени-гуманитарлық және идеологиялық саладағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалық тың тәсілдері айқындалғанын атап өтті. Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға Парламентпен бірлесе отырып, есірткі өндіретін адамдарға жауапкершілікті қатаңдатуға қатысты, сондай-ақ мемлекеттік наградалар, ономастика, археологиялық қызмет туралы заңнамаға және басқа да заң жобаларына түзетулер енгізу жөнінде тапсырма берілді. Сонымен қатар лудоманиямен күресу үшін кешенді бағдарлама әзірлеу тәсілдері қарастырылды. Уәкілетті мемлекеттік органдарға Президент ұсынған жалпыұлттық құндылықтарды арнайы кешенді жоспарға сәйкес ілгерілету үшін жүйелі жұмыс ұйымдастыру міндеті жүктелді.