Ерлан Қошанов Швейцарияға ресми сапармен барды
Бернде Швейцария Федералды жиналысы Ұлттық Кеңесінің төрағасы Эрик Нузбаумермен және Швейцария Конфедерациясының федералды кеңесшісі, Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен кездесті.
Тараптар достық топтары мен комитеттер, партиялық фракциялар арасындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту жолдарын талқылады. Сауда-экономика, көлік-логистика, экология, білім беру мен ғылым салаларында серіктестікті қолдау мәселелеріне тоқталды. Өз кезегінде Эрик Нузбаумер парламентаралық байланыстарды тереңдетуге дайын екенін айтты.
Ал Ерлан Қошанов швейцариялық балуандарды Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына шақырды.