Партия басшылары елдегі күрделі ахуалға байланысты үндеу жасады
Қазақстандағы алты саяси партияның жетекшілері елдегі күрделі ахуалға байланысты жақтастарына үндеу жасады. АМАNАТ партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Қазақстан Халық партиясы» төрағасының орынбасары Магеррам Магеррамов, Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров және «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов апат салдарын жоюға барлық күш жұмылдырылғанын, бірлік арқылы кез-келген қиындықтарды еңсеретінімізді мәдімдеді. Қазіргі уақытта су тасқыны болып жатқан өңірлерде Мәжіліс депутаттары да жүр. Олар тұрғындардың талап-тілектерін тиісті орындарға тікелей жеткізуде.