Астанада ШЫҰ қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті
Қорғаныс саласындағы ынтымақтастығымыз өзге елдерге қарсы бағытталмаған. Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің кеңесінде айтылды.
Жиын Астанада еліміздің төрағалық етуімен өтті. Оған Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және құрметті қонақ ретінде шақырылған Беларусь делегациялары қатысты. Тараптар халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алысып, әріптестік аясын кеңейту жайын талқылады.
Ал кездесу соңында Қорғаныс министрлері «Достық аллеясына» ағаш отырғызды. Себебі ұйымда 2024 жыл «Экология жылы» болып жарияланды.
Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:
- Кеңестің жұмысы аймақта тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуді көздейді. Біз терроризммен күресу үшін бірлескен оқу-жаттығу жмұыстарын өткізуді әрі қарай да жалғастырамыз. Ұйымға мүше мемлекеттер әскери-тарихи музейлер арасындағы ынтымақтастықты арттыруға келісті. Кеңес қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылып, бірқатар маңызды құжат қабылданды.