Қазақстанда электромобиль өндірісі пайда болуы мүмкін
Мұны Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И мәлімдеді.
Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу көрші елдің бастамасына Қазақ тарапы қолдау көрсететінін атап өтті. Келіссөздер барысында инновациялар және ауыл шаруашылығы салаларында кіші комитеттер құру туралы хаттамаға қол қойылды.
Инновациялар мен озық технологиялар бойынша ғылыми зерттеулерді тереңдету жайы да талқыланды. Мысалы, Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалын ашу жоспарда бар. Сонымен қатар Қытай Қазақстаннан жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау көлемін арттыруға ниетті.